«ДАРЫНДЫ БАЛАҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«ДАРЫНДЫ БАЛАҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДАҒЫ ЖЕҢІС
«Дарынды балаға – талантты ұстаз» жас педагогтерге арналған байқаудан К.Мендалиев атындағы ЖОББМ география пәні мұғалімі, жас маман КӘРІМ НҰРДАНА ӘДІЛҚЫЗЫ (педагог-модератор, еңбек өтілі – 4 жыл) ІII ОРЫН иегері атанды.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашу, өзін-өзі дамытуына жағдай жасау және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагог осыған шейін түрлі жетістіктерге жетіп,оқушылары да түрлі байқауларда бақ сынап жүр.
Облыстық «Туған өлкемді зерттеймін» ғылыми-зерттеу конференциясы
«Экология және біз» номинациясы – Насипкалиева Дильнара, II орын (2022 ж.)
Облыстық «Батыс Бердинг – 2022» ашық чемпионаты
«Құстар үйі» номинациясы – Батырбек Анель, I орын (2022 ж.)
Облыстық «Аспан астындағы музей-қала» байқауы
«Музей – экскурсиялық аймақ» номинациясы – Хамзин Мақсат, III орын (2022 ж.)
Облыстық «Жайық алаңы» зерттеу марафоны (7–9 жас)
Самигуллина Ақбота, III орын (2023 ж.)
Облыстық туристік-экологиялық конференция
«Махамбет – өшпес рух, ұлы тұлға» – Елеусинова Наргиза, III орын (2023 ж.)
Облыстық «Жасыл» экологиялық-туристік олимпиадасы
«Үздік бивуак» байқауы – Елтай Мейірбек, III орын (2023 ж.)
Облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялар слеті
«Туристік маршруттар» номинациясы – Елтай Мейірбек, I орын (2024 ж.)
Жас педагогтің еңбекқорлығының нәтижесінде өзі де,оқушылары да толағай табыстарға жетіп отыр.
Нұрдана Әділқызын жеңісімен құттықтай отырып,жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1179849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version