Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 134-бабына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының):
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуіне жүгінуге;
2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу шарттары туралы ақпарат алуға;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қажеттілігіне бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға;
4) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілгеннен тыс көлемін көрсететін субъектілерді таңдауға;
5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;
6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жоғарғы тұрған органға, сотқа шағым жасауға;
7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1179696?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау