«Инновациялық мұғалім – 2026» облыстық конкурсының қалалық кезеңі 2026 жылдың 11 наурызында КММ «№46 орта мектеп» базасында өтті.
Байқауға қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілінде оқытатын сыныптарында жұмыс істейтін, еңбек өтілі үш жылдан асатын орыс тілі мен әдебиеті (Я2) мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар кәсіби жетістіктерін таныстырып, «Сандық әлемдегі сөз» кезеңінде жасанды интеллектті қолдана отырып жобаларын ұсынды. Сонымен қатар функционалдық және оқырмандық сауаттылықты дамытуға, құндылыққа бағдарланған білім беруге бағытталған сабақ фрагменттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды анықтап, оларға ШҚО ББ Өскемен қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдары табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/1179529?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау