Кентау қаласында «Көктем – 2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Аталған іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков қатысып, дайындық барысымен танысты.
Іс-шара ықтимал су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша барлық қызметтердің дайындығын пысықтауға бағытталды.
Оқу-жаттығу барысында арнайы қызметтердің материалдық-техникалық базасы, қажетті қорлары мен арнайы техникаларының әзірлігі қаралды. Сонымен қатар, эвакуациялық қабылдау және орналастыру пункттерінің жай-күйі зерделенді.
Жауапты мекемелерге қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1179209?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау