КЕНТАУЛЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21–22 ақпан күндері Қарағанды қаласында жабық кешендегі ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарыста кентаулық ардагер спортшы Есқара Тоқтасынұлы 80+ жас санатында 400 метр қашықтыққа жүгіруден жоғары нәтиже көрсетіп , 2 минут 51 секунд нәтижесімен І орынды иеленді.

Есқара Тоқтасынұлы – Кентау қаласының спорт саласына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол ұзақ жылдар бойы денешынықтыру мен спорт саласында еңбек етіп, талай жас спортшыны тәрбиеледі. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы мүшесі ретінде әдебиет пен спортты қатар алып жүрген қаламгер.

Ардагер спортшының бұл жеңісі – табандылық пен салауатты өмір салтына адалдықтың жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1179212?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version