Патрульдік полиция қызметкерлерімен оқу-жаттығу сабақтары өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлығы басқармасы тарапынан патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен жоспарлы оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылуда.

Сабақтар барысында қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру дайындығы, қоян-қолтық ұрыс, жауынгерлік күрес тәсілдері, күдікті автокөліктерді тексеру және күдіктілерді ішкі істер органдарына жеткізу бойынша практикалық жаттығулар жүргізілуде.

Сонымен қатар бекітілген жоспарға сәйкес Макаров тапаншасын бөлшектеу және жинау, қаруды қауіпсіз қолдану, сондай-ақ атыс дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылуда.

Аталған сабақтар полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттырып, қызмет барысында жедел әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді.

https://www.instagram.com/reel/DVx_E49jDP2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1179908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version