Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында аса қауіпті зооантропонозды инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 12 наурызда,  Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастыруымен аса қауіпті және зооантропоноздық инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қарағанды қаласының ветеринариялық станциясы, Қарағанды ғылыми‑зерттеу ветеринариялық станциясы, Ұлттық сараптама орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалы, Киров аудандық полиция бөлімі және ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аудан аумағындағы эпидемиологиялық жағдай қаралып, адамдар мен жануарларға ортақ бруцеллез, құтыру, сібір күйдіргісі және терінің жұқпалы ауруларының алдын алу мәселелері талқыланды.

Қатысушылар эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру, өзара ақпарат алмасу және профилактикалық жұмысты күшейту бойынша ұсыныстар айтты. Жалпы аудан аумағында соңғы жылдары аса қауіпті инфекциялардың жаппай таралуына жол берілмегені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1179549?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version