Қарағандылық шеберлер бейнелеу өнері мұражайында қолөнер бұйымдарын ұсынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертең, 13 наурыз күні сағат 15:00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қолөнер – рухани жан серігің» атты көрме-жәрмеңке ашылады. Ол халықтық қолөнерді дамыту мен қолдауға арналған. Көрмеге облыстың шеберлері жиналып, өз еңбектерімен жасалған бұйымдарды – этностильдегі киімдерді, тұрмыстық заттарды және ұлттық нақыштағы авторлық туындыларды көрсетеді.

Келушілер шеберлердің жұмыстарымен танысып қана қоймай, ұнаған бұйымдарын сатып ала алады.

— Бұл жәрмеңкеде шеберлер өз қолымен жасаған бұйымдарын, соның ішінде этностильдегі киімдер мен ұлттық нақыштағы тұрмыстық заттарды таныстырып, сата алады. Біз қолөнершілерді қолдаймыз және қала тұрғындарына көктем мерекесі қарсаңында жақындарына әсем қолөнер бұйымдарын сыйлау мүмкіндігін береміз, — деді мұражай жетекшісінің орынбасары Мейрамгүл Елубаева.

Алғашқы көрме-жәрмеңке 2022 жылы өтті және содан бері Наурыз мерекесінен бір күн бұрын жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Оны Осакаров ауданы, Озерное ауылы тұрғыны Гүлбаршын Матниязова қолға алған. Идея 2021 жылы өткен «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі кезінде туындаған.

Биыл көрме Қарағанды облысының қолөнершілер қауымдастығы JADIGER қолдауымен өткізіледі. Ол үш күн бойы – 13, 14 және 15 наурызда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ұйымдастырушылар көркемдік пен дәстүрлі өнерді бағалайтын барлық қонақтарды көрмеге қатысуға және жергілікті шеберлерді қолдауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1179523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version