Самар ауылдық округінің әкімі 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Самар ауылдық округінің әкімі округтің бірқатар тұрғындарын арнайы барып құттықтады. Көктемнің шуақты мерекесінде аналардың, әжелердің және қыз-келіншектердің қоғамдағы орны мен отбасыдағы рөлі ерекше атап өтілді.

Мереке қарсаңында тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Ауыл әкімі олардың шаңырағына барып, ел басына қиын күн туған кезеңдегі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Сонымен қатар көпбалалы анаға да құрмет көрсетіліп, отбасы тәрбиесіндегі еңбегі мен үлгі-өнегесі үшін алғыс айтылды. Әкім оның шаңырағына береке, бала-шағасына амандық пен бақыт тіледі.

Іс-шара барысында Шұбарқайың ауылындағы мектеп ұжымы да мерекемен құттықталды. Ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі жоғары бағаланып, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілінді.

Сондай-ақ Самар ауылындағы мектеп директорлары мен колледж директорына мерекелік құттықтаулар жолданып, білім саласының дамуына қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдірілді.

Кездесулер жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, көктем мерекесінің көтеріңкі көңіл күйін сыйлады. 🌷

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/1179145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version