Шымкентте жол белгісін қасақана бүлдірген екі жігіт жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте екі жас жігіт аулада орналасқан «Мүгедек» жол белгісін қасақана бүлдірген. Оқиға түнгі уақытта болған және қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалған.

Кадрлардан жігіттердің жол белгісін теуіп, әдейі зақымдап жатқанын көруге болады.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1179719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version