Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аз ғана табысы бар және оның едәуір бөлігін коммуналдық төлемдерге жұмсаған отбасылар, Қазақстан азаматтары мемлекет тарапынан тұрғын үй көмегін алуға құқылы.

«Тұрғын үй көмегі» дегеніміз не Тұрғын үй көмегі дегеніміз – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді немесе оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған оның бір бөлігін ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеу үшін берілетін төлем, және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті өкілді органдар белгілеген, аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейі.

Яғни, мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету, төлеу бойынша шаралар қабылдайды:

кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар;

телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді арттыру тұрғысынан коммуналдық және байланыс қызметтерін тұтыну;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстар.

Тұрғын үй көмегі тұрақты тіркелген және тұрғын үйінде тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде, сондай-ақ тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) мемлекет тарапынан берілуі мүмкін тұрғын үй қоры және жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйлер

Отбасылық шығыстардың шекті рұқсат етілген деңгейін жергілікті мәслихат белгілейді және тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің 5-тен 20 пайызына дейін өзгеруі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ozsp/press/news/details/1179497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version