Тұрғындармен профилактикалық жұмыс: қауіпсіздік – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Байтұрсынов көшесі, 59А мекенжайында орналасқан тұрғын үйде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шара барысында 12 отбасы қамтылды. Мамандар тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы айтып, газ және электр құрылғыларын пайдалану кезінде сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығын, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді.

Сонымен қатар, көміртек тотығынан (улы газдан) уланудың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға оның пайда болу себептері, уланудың негізгі белгілері және үй жағдайында қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Бұдан бөлек, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу тақырыбында да әңгіме жүргізді. Ата-аналарға терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнату және балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындар арасында қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1179901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version