Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығының конференц-залында туберкулезге қарсы күрес күніне орай «Туберкулезді жою стратегиясын іске асырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – туберкулезбен сырқаттанушылықты ерте анықтау, оның ішінде халықтың осал топтары арасында алдын алу және азайту мәселелерін талқылау, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және сектораралық ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, медициналық ұйымдардың және тиісті ведомстволардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелері талқыланып, аурудың алдын алу және ерте анықтау бағытында бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар туберкулездің таралуын төмендетуге бағытталған тиімді ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1179216?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау