Желіде сақ болыңыз: Талдықорғанда интернет-алаяқтыққа қарсы акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласының орталығында Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері танымал блогер @optimist.hafiz -пен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізді.

Іс-шара барысында қала тұрғындарына алаяқтардың ең жиі қолданатын тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, өзін «банк қызметкері» ретінде таныстырып қоңырау шалатындар, күмәнді сілтемелер жіберу, жалған хабарландырулар мен басқа да айла-тәсілдер арқылы алдау әрекеттері жөнінде кеңінен айтылды. Полицейлер интернет-алаяқтарды қалай тануға болатынын және жеке деректер мен қаржыны қорғау үшін қандай сақтық шараларын сақтау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындарға киберқауіпсіздікке қатысты пайдалы кеңестер қамтылған арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.

Акцияға блогердің қатысуы тұрғындардың, әсіресе жастар мен әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Соның арқасында шара ашық әрі еркін форматта өтіп, көпшіліктің назарын аударды.

«Қазіргі таңда блогерлер арқылы маңызды ақпаратты халыққа жылдам әрі тиімді жеткізуге болады. Мұндай өзара ынтымақтастық қылмыстың алдын алуға және ең бастысы — азаматтарды алаяқтардан қорғауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар Жетісу облысы тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруға және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1179846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version