Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Асқар Арыстан Асқарұлының қатысуымен Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиын қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және алдын алу шараларын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысында мемлекеттік қызметте ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkom-jetysu/press/news/details/1179828?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау