Адам саудасына қарсы күрес – еліміздің адам құқықтарын қорғау саласындағы басым міндеттерінің бірі болып табылды.
Осыған орай, адам саудасына (кәмелет жасына толмағандардың еңбегін пайдалану) жол бермеу және алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің мамандары К.Прманова мен Т.Байтуғанов адам көп шоғырланатын сауда орындарында жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын жасасу кезіндегі құқықтар мен кепілдіктер, еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық брошюралар таратты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1180365?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау