Атамекен ауылдық округі Нұркент қалашығында Пенжім орта мектебінің акт залында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің нұры – әйелдер» атты мерекелік іс-шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Аталған мерекелік іс шараның мақсаты – аналар мен аруларды ұлықтап, олардың қоғамдағы, отбасындағы ерекше орнын дәріптеу, әйел затының мейірімі мен даналығын, ізгілік пен сұлулықтың символы екенін насихаттау болды. Әйел – тіршіліктің тірегі, шаңырақтың шуағы, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Ана – өмірдің бастауы, әрбір жанның жүрегіне жылу сыйлайтын мейірім иесі. «Ана» деген қасиетті сөз – барша адамзат үшін ең қастерлі ұғым.  Іс-шара барысында әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы тиетін жырлар оқылып, көркем билер көрермен назарына ұсынылды. Мерекелік кеште жиналған аналар мен әжелерге, ару қыздарға ізгі тілектер айтылып, құрмет көрсетілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-atameken/press/news/details/1180965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version