Атырау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында табиғат қорғау аймақтары мен табиғи қорықтарда өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алу мақсатында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Эко-акцияға 200-ге жуық жас қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Кездесу «Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында өтті. Іс-шара барысында жастар мен еріктілер табиғат қорғау аумақтарында демалушылар мен тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат таратып, табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде арнайы жадынамалар үлестірді. Сондай-ақ демалыс орындарында қоқыс қалдырмау, от жағу кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
– Табиғи аумақтардағы өрттердің басым бөлігі адам факторынан туындайды. Сондықтан тұрғындар арасында экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту және жастардың табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларын қолдау маңызды, – деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Омаров.
Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы облыс аумағында 11 қамыс өрті тіркеліп, табиғатқа айтарлықтай зиян келтірген. Осыған байланысты облыс әкімінің қолдауымен Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватына 20-ға жуық арнайы техника берілген.
Сондай-ақ ол, мұндай іс-шаралар өңірде эко-волонтерлік қозғалысты дамытып, қоғамның табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыратынын және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыратынын айтты.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1180475?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау