АУДАН БАСШЫСЫ «КАТКО» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков «Қазақстандық-Француздық бірлескен кәсіпорын — «КАТКО» ЖШС-ның бас директоры Закариа Эл Марзукиді, бас директордың орынбасары Мадияр Құрманбековті, коммуникация және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бөлімінің басшысы Айнаш Шеңгелбаева мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі менеджер Алмагүл Құсайынованы қабылдады.
Кездесу барысында Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Әсіресе кәсіпорынның демеушілігі аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік әріптестік жобаларға ерекше назар аударылды.
Аудан басшысы қазіргі инфляциялық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік жобаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту қажеттігіне тоқталды. Тараптар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өзге де әлеуметтік салаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды пысықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1180140?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version