Батыс Қазақстан облысы аумағында террористік сипаттағы қылмыстарға ден қоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында Казталов, Бөкейорда, Жәнібек, Теректі және Тасқала аудандарының аудандық жедел штабтарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жедел топтар басшыларының теориялық білім деңгейін тексеру, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл шараларына тартылатын күштер мен құралдардың дайындық күйін бағалау.
Оқу іс-шарасы шеңберінде күштер мен құралдарды әртүрлі дайындық дәрежесіне келтіру, хабарландыру және жинау жүйесін ұйымдастыру, басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері пысықталды.
Іс-шаралар теориялық форматта өткізіліп, террористік сипаттағы шартты дағдарыстық жағдай модельденді және ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында аудандық жедел штаб мүшелеріне мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру, жоспарлау құжаттарын жетілдіру және террористік сипаттағы қатерлерге ден қою тиімділігін арттыру мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1180652?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау