Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы С-8/5 «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                   Степняк қаласы                                                                                                             город Степняк

 

 

 

 

Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы С-8/5 «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Біржан сал ауданы мәслихатының «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8689-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

11-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

« 9) 16 желтоқсанға – Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

12-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бірақ ол басталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

2) өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бірақ ол басталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

12-тармақтың 12)  тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«12) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

11-тармақтың 4)  тармақшасының 1 және 2 абзацтары, 12-тармақтың 7) және 8 тармақшалары және 13-тармақтың 1)  тармақшасы  жойылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы
 
Аты-жөні
 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal/press/news/details/1180586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version