2026 жылғы 12 наурызда онлайн форматта Эксперттік кеңестің отырысы өтті. Отырыста адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Отырыс барысында қатысушылар бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған тергеу изоляторында отырған және сотталушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатысты проблемалық мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Семей қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына жөндеу жұмыстарын жүргізу және Абай облысында тергеу изоляторын салу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Абай облысынан Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің құрамына ұсынылатын кандидаттар талқыланды.
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауға байланысты басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жұмысқа арналған бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі.
Отырыстың қорытындысы бойынша өңірде адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мақсатындағы алдағы өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1180084?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау