Қызметкерлер, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтіндер үшін әлеуметтік, тұрмыстық және басқа да жеке қажеттіліктерді өндіріс мүдделерімен ұштастыру мақсатында жұмыс уақытының икемді режимі белгіленуі мүмкін.
Еңбек заңнамасында икемді жұмыс режимі кімге қолданылатынына қатысты шектеулер болмағандықтан, мұндай режим кез келген санаттағы жұмыскерге оның өтініші негізінде белгіленуі мүмкін.
Икемді жұмыс уақыты режимі еңбек шартын жасасу кезінде де, оны қолдану кезінде де екі тараптың келісімі бойынша белгілі бір мерзімге немесе мерзімсіз белгіленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1179999?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау