КЕЛЕС: АҚСАҚАЛ НЕМЕРЕЛЕРІМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданына қарасты Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Садиров Төлеген ақсақал немерелерімен бірге жол бойына шырша және өзге де ағаш көшеттерін отырғызды. Табиғатты аялауға бағытталған бұл игі іс – туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Ақсақалдың айтуынша, ағаш отырғызу – тек айналаны көгалдандыру ғана емес, жас ұрпаққа өнеге болатын маңызды тәрбие. Сондықтан ол бұл іске немерелерін де қатыстырып, табиғатты қорғаудың маңызын түсіндірді.
— Ағаш отырғызу – сауапты іс. Бүгін еккен көшеттеріміз ертең елге сая, табиғатқа көрік болады. Балаларымыз туған жерін сүйіп, оны күтіп-баптауды кішкентайынан үйренуі керек, – дейді Төлеген ақсақал.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, елді мекеннің көркеюіне де өз үлесін қосары сөзсіз. Лесбек батыр ауылындағы бұл бастама көпшілікке үлгі боларлық іс ретінде бағалануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1180787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version