Мойынты орта мектебінде жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған аудандық коалиция өкілдерінің білім ордасының еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтарды ұсынылып отырған өзгерістермен таныстыру, сондай-ақ олардың мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін маңызын талқылау болды.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары жан-жақты таныстырылды. Әсіресе, заң үстемдігін нығайту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Коалиция өкілдері ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1180814?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау