Облыстық ақпараттық- түсіндіру тобының мүшелеріне арналған 2 күндік оқыту курсы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    11-12 наурыз Жетісу облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық- түсіндіру тобының мүшелеріне арналған 2 күндік оқыту курсы өтті. Курсқа дәріскер ретінде дінтанушы, РАТТ мүшесі Шоманов Болат Шаймолданұлы, философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), РАТТ мүшесі Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы шақырылды.

    Спикерлер өз баяндамаларында қазіргі заманғы экстремизм мен терроризмнің жаңа формалары, радикалды идеологияның таралу тәсілдері, интернет кеңістігіндегі діни пропаганда, сондай-ақ қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қатысушыларға экстремисттік идеология белгілерін ерте анықтау, жастармен тиімді коммуникация орнату және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің заманауи тәсілдері жөнінде практикалық ұсыныстар берілді.

    Курс соңында Басқарма басшысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы АТТ мүшелеріне оқыту курсынан өткендігін растайтын сертификат және куәлік табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1180700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version