Атап айтқанда, еңбек кітапшасы жұмыскердің бүкіл еңбек қызметі туралы, оның ішінде жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек шартын тоқтату туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен қамтитын құжат болып саналады.
Осыған байланысты, еңбек кітапшасы еңбек өтілі бар адамдар тарапынан жұмысқа орналасу кезінде еңбек қызметін растайтын негізгі құжат ретінде (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) ұсынылады, сондай-ақ белгілі бір салада немесе біліктілік (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің бар екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасына қарай зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін) еңбек кітапшасымен, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған жағдайда, еңбек туралы мәліметтерді растайтын құжаттар немесе сот шешімі негізінде белгіленеді.
2020 жылғы 4 мамырда ҚР Еңбек кодексіне жұмыс берушілерді қызметкермен еңбек шартын жасасу және бұзу туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уәкілетті мемлекеттік еңбек органы айқындайтын тәртіппен енгізуді міндеттейтін өзгерістер енгізілді.
Осылайша, көрсетілген жылдан бастап жұмыскердің еңбек қызметі (Кодекстің 35-бабында көзделген құжаттардан басқа) Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі мәліметтермен де расталуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1179997?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау