2026 жылғы 12 наурызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымал» филиалының Балқаш телімі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы № ҚР ДСМ-5 бұйрығы негізінде көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндірді.
Сондай-ақ қатысушыларға қызылшаның алдын алу және жұғу жолдары туралы ақпарат берілді. Қызылша – ауа тамшылары арқылы тарайтын өте жұқпалы вирус, ол ауыр асқынуларға (пневмония, энцефалит) әкелуі мүмкін және негізінен егілмеген балалар мен ересектерге әсер етеді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі информациялық жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1180939?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау