«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурыз күні сағат 10:00-де Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында, кезекті қырық үшінші сессиясы сағат 16:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Сарыағаш қаласы әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы
- Ақжар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және тілдерді оқыту және дамыту орталығының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;
(Сессия қарауына келіп түсуіне қарай мәселелер қосылуы мүмкін)
Аудандық мәслихат
төрағасы Р. Асылбекұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1180968?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау