«Шахтер» жаңа маусымға дайындықты жалғастырып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы жаңа маусым қарсаңындағы дайындықтың қорытынды кезеңіне кірісті. Команданың соңғы оқу-жаттығу жиыны Астанада өтіп жатыр және 23 наурызға дейін жалғасады.

«Екі апта бойы бас бапкер Дмитрий Огай жетекшілік ететін жаттықтырушылар штабы футболшылардың функционалдық дайындығын арттыруға, тактикалық сызбаларды пысықтауға және ойыншылардың өзара іс-қимылын жетілдіруге назар аударады. Күн сайын өтетін жаттығулар физикалық дайындықты жақсартуға, шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға және командалық үйлесімділікті күшейтуге бағытталған. Жаттықтырушылар штабы футболшылардың дайындығын бағалап, ресми кездесулер басталғанға дейін ойыншылардың оңтайлы құрамын анықтауға мүмкіндік алады», — деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін команда Түркияда үш оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.

«Шахтер» ФК-ның спорт директоры Арсен Іңкәрбеков клуб академиясын дамыту және жас футболшыларды даярлау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

— Жоғары нәтижелерге жету үшін клуб селекциялық жұмысты белсенді жүргізіп келеді. Бізге тек Қарағандыда ғана емес, бүкіл республика бойынша мықты селекция қажет. Бұл жұмыс өткен жылдың қараша айынан бері жалғасып келеді. Біз талантты ойыншыларды шақырып жатырмыз. Олардың тұруы үшін футбол клубының базасы жөндеуден өтті. Шақырылған жігіттер сол жерде тұратын болады. Біздің мақсатымыз — ең мықты футболшыларды жинап, клуб ішінде дайындықтың біртұтас жүйесін қалыптастыру, — деді ол клубтың ресми сайты shakhter.kz-те жарияланған сұхбатында.

Фото: «Шахтер» ФК

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1180016?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version