ШҚО ПД-да кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуді жетілдіру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде кәмелетке толмағандарды ерекше білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өтті. Шара ПД бастығының орынбасары Рифхат Тауфиковтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

     Талқылауға мамандандырылған сот, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия өкілдері, сондай-ақ мектеп пен колледж директорларының орынбасарлары қатысты.

     Қатысушылар жасөспірімдерді арнайы мекемелерге жіберуге құжаттар дайындау мәселелерін және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың түйткілдерін қарастырды. Бұл ретте кәмелетке толмағандардың міндетті медициналық тексеруден өтуіне ерекше назар аударылды.

     Тәжірибеде медициналық тексеру кезінде мамандардың қабылдауын ұзақ күту сияқты ұйымдастырушылық кедергілердің бары айтылды. Осыған орай, денсаулық сақтау органдарымен тиімді жұмыс механизмін құру қажеттілігі атап өтілді.

     Рифхат Тауфиков құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет екенін тілге тиек етті:

– Ерекше тәрбиені қажет ететін жасөспірімдерге қатысты уақтылы шара қолдану — оларды заңсыз әрекеттерден қорғауға және әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік береді, – деді ол.

     Сондай-ақ кездесуде 2 наурызда күшіне енген “Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы” жаңа Заңның жекелеген ережелері түсіндірілді.

     Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық байланысты нығайту және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен шешімдер қабылдауға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1180795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version