ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ «TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ІРІ ЗАУЫТТАР ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ «TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ІРІ ЗАУЫТТАР ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

▪️Түркістан облысында инвесторларды қолдау мақсатында инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтар, дайын өндірістік алаңдар қалыптастырылды. Қазіргі таңда «Turan» арнайы экономикалық аймағында 315 млрд теңгеге 26 ірі жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 6,5 мың жұмыс орны ашылады. Бүгінде 5 жоба іске асты. «Turan» арнайы экономикалық аймағы үшін Сауран ауданынан 365 гектар қосалқы аумақ қарастырылып, құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.

▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Turan» арнайы экономикалық аймағының Сауран ауданындағы аумағына барды. Облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралап, жобалардың қазіргі жағдайымен танысты. Сондай-ақ өндіріс қуатын арттыру, технологиялық жаңғырту және өнім сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарға назар аударды.

▪️Бүгінде Сауран ауданы «Turan» арнайы экономикалық аймағындағы 6,5 гектар жерде «Bereke plastic» компаниясының бірреттік ыдыс-аяқ өндіретін зауытының құрылысы жүргізілуде. Инвестиция көлемі – 7 млрд теңге. Жобаны осы жылдың шілде айында іске қосу көзделуде. Зауытта 65 адам жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі уақытта құрылысшылар мен зауыттың қызметкерлеріне арналған 200 шаршы метр жатақхана салынған. Аумақты қоршау жұмыстары ұйымдастырылып, тағы бір жатақхана және әкімшілік ғимаратының құрылысы басталып жатыр. Бұдан бөлек, негізгі өндірістік ғимараттың қаңқасын тұрғызу жұмыстары аяқталды. Нысан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Өндірістік ғимарат осы айдың соңына дейін толық аяқталады.

▪️Сауран ауданы «Turan» арнайы экономикалық аймағындағы 15 гектар аумақта «Diamond steel co.ltd» ЖШС-ның алюминий мырышпен және түрлі-түсті бояумен илектелген болат өндіру зауыты бой көтеруде. Жобаға 41 млрд теңге инвестиция салынған. Зауытты жыл соңына дейін іске қосу көзделуде. Нәтижесінде 400 жаңа жұмыс орны құрылады. Қазіргі уақытта аумақты қоршау жұмыстары жүргізіліп, құрылыстың бірінші кезеңі үшін қазу жұмыстары аяқталып, іргетасы құйылып, плиталар орнатылды. Газ, жарық, жол және су жүйелерімен қамтылған.

▪️Сонымен қатар бұл аймақта «Orzax Central Asia» компаниясы биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін зауыттың құрылысын бастаған. Жоба құны – 25 млрд теңге. Кәсіпорын 2027 жылы толық іске қосылып, 250 адам жұмыспен қамтылады.

▪️Ал «Кентау көпсалалы зауыты» ЖШС машиналар мен жабдықтарды, бөлшектер мен тораптарды өндіретін кәсіпорынды іске қоспақ. Жоба екі кезеңмен 2025-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Мұнда 25 жаңа жұмыс орны құрылады. Бүгінде кәсіпорынның құрылыс жұмыстары 50 пайызға аяқталған. Жобаның алғашқы кезеңін осы жылдың күзінде іске қосу көзделуде.

▪️Нұралхан Көшеров өңір экономикасын әртараптандыруда және инвестиция тартуда арнайы экономикалық аймақтардың маңызы зор екенін атап өтіп, жауаптыларға жұмысты ширату бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

▪️Сонымен қатар облыс басшысы Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округіне барып, «Asia Brand» жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты. Жоба құны 1,1 млрд теңгені құрайты. Қуаттылығы – 25 000 дана. Зауытта 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдер Түркістан облысынан бөлек, еліміздің бірнеше облыстары мен қалаларына жөнелтіледі.

▪️Айта кетейік, өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында өткен жылы 340 млрд теңгеге 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Биыл 444 млрд теңгеге 66 жаңа жоба жүзеге асырылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1180989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version