Үкіметтік емес ұйымдар азаматтарды республикалық референдумға қатысуға шақырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар ел азаматтарын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырып, арнайы үндеулер жариялады.

Мұндай үндеулер азаматтық сектор өкілдері, соның ішінде Қазақстанның Азаматтық альянсы, Ұлттық волонтерлік желі, Қазақстан студенттер альянсы, Медициналық жастар, сондай-ақ «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы сияқты бірқатар республикалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тарапынан жолданды.

Азаматтық қоғам өкілдері референдум өткізу – азаматтардың өз пікірін тікелей білдіру тетігі әрі халықтың қоғамдық-саяси өмірге қатысуының маңызды бір нысаны екенін атап өтті.

Өз үндеулерінде қоғамдық ұйымдар белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын ерекше атап өтіп, азаматтарды өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Сонымен қатар бірқатар жастар, әлеуметтік, экологиялық және сараптамалық ұйымдар қоғамдық алаңдарда және әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды алдағы референдум туралы кеңінен хабардар ету бағытында жұмыс атқарып жатыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1180927?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version