Жезқазған қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.
Сәтпаев және Раскова көшелерінің қиылысында «Hyundai Accent» маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде 1969 жылы туған жүргізушіден алкогольдің өткір иісі байқалды.
Осыған байланысты ол медициналық куәландырудан өту үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Қорытындыға сәйкес, жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдануда.
Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1180020?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау