Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтар қандай жеңілдіктер мен өтемақылар алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ауыр және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін жұмыскерлерде 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы бар жұмыс аптасына, жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша кемінде 6 күнтізбелік күн ақы төленетін демалысына, көтермеленген еңбекақы алуына құқығы болады.
Көтермеленген жалақы мөлшері: ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің ішкі актілерінде; зияндылық пен қауіптілік дәрежесін көрсететін салалық коэффициенттерді ескере отырып; заңнамалық деңгейде бекітілген өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне сәйкес айқындалады.
Зиянды факторлардың әсерінен болатын аурулар мен уланулардың алдын алу үшін жұмыс беруші сүт немесе арнайы диеталық өнімдерді ұсынуға міндетті.
Бұл өтемақылар зиянды және қауіпті еңбек жағдайларын растайтын өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері негізінде беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1179995?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version