Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Дін мәселелерін зерттеу орталығының дін мәселелері бойынша ақпарттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің дінтанушы маманы М.М.Набиғалиевтің қатысуымен құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді.
Аталмыш жиын барысында, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері кеңінен талқыланып, діни бейтараптық ұстану және деструктивті діни ағымдардың ықпалына түспеу туралы айтылып, тиісті түсініктер берілді.
Сондай-ақ, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен алдағы мереке күндері жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде айтылып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағында көрсетілген міндеттер мен талаптарын қатаң сақтауға міндетті екендері ескертілді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1181216?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау