2026 жылғы 19 ақпанда smart.daryn.kz платформасы арқылы онлайн форматта 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аудандық олимпиаданың жеңімпаздары облыстық кезеңде жақсы нәтиже көрсетті. Облыстық кезеңге қатысқандар саны-12. Жеңімпаздар саны -9.
I – орынды қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен Жумабеков Даниар -Малайсары ОМ-нің 5 сынып оқушысы иеленді.
II- орынды иеленгендер: Малайсары ОМ-нің 5 сынып оқушылары Берикова Аяла жаратылыстану пәнінен және Өркен Феруза ағылшын тілі пәнінен.
III-орынды иеленгендер: Ақжар ОМ-нің 5 сынып оқушысы Есенгелді Фариза-Қазақстан тарихы пәнінен, 5 сынып оқушысы Жайлаухан Шыңғыс және 6 сынып оқушысы Әділетқызы Ажар математика пәнінен; Қазан ОМ-нің 6 сынып оқушысы Жұмабек Зере-қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен; Е.Мұқашев ат.ОМ-нің 6 сынып оқушысы Тасбулатов Руслан- ағылшын тілі пәнінен; Жалтыр ОМ-нің 6 оқушысы Елемес Бегзат-жаратылыстану пәнінен.
Жеңімпаз оқушылар мен олимпиадаға дайындаған пән мұғалімдерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық кезеңге жолдама алған Малайсары ОМ-нің 5 сынып оқушысы Жумабеков Даниарға СӘТТІЛІК!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1181131?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау