АУДАНДА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданымызда соңғы жылдары тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және жастарға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстары үздіксіз атқарылып келеді. Биыл да аудан аумағында бірқатар заманауи спорт нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Темірлан ауылы аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис кортының құрылысы жүргізілуде. Жобаның конкурстық құны 1 млрд 284,4 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Ar Kua Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Ал техникалық қадағалауды «Бақ-Ерке строй», авторлық қадағалауды «Жолан Инжиниринг» мекемелері жүргізіп келеді.

Жобаның іске асырылу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Нысан 0,90 гектар аумаққа орналасып, жалпы алаңы 2441 шаршы метрді құрайды. Заманауи талаптарға сай салынатын кешенде әкімшілік ғимарат, бассейн залы және үлкен теннис ойнауға арналған арнайы зал қарастырылған. Бұл нысан пайдалануға берілгеннен кейін аудан тұрғындарына, әсіресе жастар мен жасөспірімдерге спортпен, әсіресе тенниспен тұрақты айналысуға үлкен мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Шұбар ауылы аумағында да спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның конкурстық құны 525,8 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Содбис строй ЖШС» атқаруда. Техникалық қадағалау қызметін «Саян construction», ал авторлық қадағалауды «Shym Project» мекемелері жүзеге асыруда.

Аталған нысанның жер көлемі 1,6 гектарды, ал жалпы алаңы 818,2 шаршы метрді құрайды. Кешеннің әкімшілік ғимаратында тренажер залы мен көпфункционалды спорт залы орналасады. Мұнда тұрғындардың кіші футбол, волейбол және баскетбол секілді спорт түрлерімен айналысуына толық жағдай жасалмақ.

Қазіргі таңда екі нысанда да құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, орындалу деңгейі 60 пайызға жетіп отыр. Құрылыс аяқталған соң бұл спорт кешендері аудан тұрғындарының игілігіне беріліп, бұқаралық спортты дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне айтарлықтай үлес қосады.

Жалпы, Ордабасы ауданында спорт инфрақұрылымын дамыту – басты басымдықтардың бірі болып қала бермек. Жаңа спорт нысандарының салынуы аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтып, жас ұрпақты спортқа баулып және болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, ел мерейін асқақтата түсуге мүмкіндік беретініне сенім мол.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1181014?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version