Астанада Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Көктемнің әсем бояулары» тақырыбында арт-терапия үйірмесінің шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнер арқылы көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруға бағытталды. Үйірме волонтер Алуа Байбұлованың жетекшілігімен жұмыс істейді.
Үйірмеге қатысушылар өз жұмыстарында көктем мен Наурыз тақырыптарын бейнеледі. Олар өз суреттерінде табиғаттың сұлулығын, қазақ қыздарының бейнесін, сондай-ақ, ұлттық нақыштарды көрсете білді. Әрбір жұмыс ерекше шығармашылық көзқарасымен және өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I орын – Галина Качковская;
II орын – Ирина Илючик;
III орын – Александра Мерзлякова.
Жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1181110?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау