Маңғыстау ауданында бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ІІО жүйесінде “Заң мен Тәртіп – Балалық шақ қауіпсіздігінің кепілі” жылы аясында, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосындағы білім беру ұйымында бастауыш сынып оқушыларына “Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!” атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға бейнебаян арқылы жол белгілері, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Шараның басты мақсаты – Қазақстан сияқты бейбіт және тәуелсіз елде балалардың қауіпсіздігі мен аналардың бейбіт өмірін сақтау үшін әр азамат жол қауіпсіздігін білуге және сақтауға жауапты екенін насихаттау.

Оқушыларға мынадай тәртіптер үйретілді:

  • көшеде дұрыс жүру және жолдан өту кезінде абай болу;

  • көліктердің алдыннан жүгіріп шықпау;

  • жол бойында велосипедпен жүруден аулақ болу;

  • жол ережелерін сақтау және оны өмірде қолдану;

  • жұмыс кезінде таза және тиянақты болуға тәрбиелеу.

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181093?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version