МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі – 14 наурыз Амал мерекесімен (Көрісу күнімен) шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке. Амал күні – береке мен бірліктің, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің жарқын көрінісі.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын бұл мереке баршаңызға шаттық пен қуаныш сыйласын. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық пен ырыс тілеймін. Ауылымыздың ынтымағы артып, ел бірлігі нығая берсін.
Амал мерекесі құтты болсын!
Құрметпен,
Аманкелді ауылдық округі әкімі
Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1181226?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version