Қарақұдық ауылында Көрісу күніне арналған «Наурыз келді шуағымен нұрландырып» атты мерекелік шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз — Көрісу күні мерекесіне орай Қарақұдық ауылдық мәдениет үйінде «Наурыз келді шуағымен нұрландырып» атты салтанатты мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауыл өнерпаздары ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға шағын естелік сыйлықтар табыс етілді.

Аталған шара халқымыздың салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттап, ауыл тұрғындары арасындағы бірлік пен татулықты нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1181138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version