«Қазавиақұтқару» тікұшақ экипажы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кезекті санитарлық рейсті орындады.
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен жаңа туған нәрестені анасымен бірге шұғыл тасымалдау қажет болды. Ұшқыштар кішкентай науқасты Қызылорда қаласына эвакуациялады.
Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Жаңа туылған нәресте анасымен бірге медициналық мекемеге жеткізілді және мамандардың бақылауына берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1181063?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау