Жалпыұлттық коалиция өкілдері жаңақорған ауданында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысындағы үгіт жұмыстары аясында Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жаңақорған ауданында болып, еңбек адамдары, түрлі сала өкілдері және аудан тұрғындарына жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді түсіндірді. Ашық және еркін форматта өткен кездесулерде қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Кездесуге Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жорабек Нурымбетов, Нуридин Амитов, Бауыржан Сандыбаев, Серхожа Идирисов, Жарқынбек Ғалымжан, Өмірсерік Тақырбасов, Арман Мажитов қатысты.
Коалиция мүшелері жаңа Ата заң жобасындағы өзгерістерді алдымен «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ ұжымына таныстырды. Кеншілер жаңа Конституцияның ел дамуы мен еңбек адамдарының құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы оң пікірлерін білдірді.
Содан кейін олар Жаңақорған шипажайының қызметкерлерімен кездесті. Шипажай қызметкерлері мен медицина және қызмет көрсету саласының өкілдері қоғамдағы өзгерістер мен болашаққа қатысты ойларымен бөлісті. «Жаңақорған Транзит» ЖШС дегі кездесуде кәсіпорын қызметкерлері жаңа Конституция жобасын бір ауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
«Руханият» орталығында аудан тұрғындарымен болған кездесуде коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасындағы ауыл үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған цифрландыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін түсіндірді.
«Жаңа Конституцияда қарастырылған цифрландыру ауылдық жерлерде дамып, қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтып, тұрғындардың мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдетеді. Сонымен қатар, елде жергілікті өзін-өзі басқару институты енгізіледі, ол халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетінше шешуге, мәслихаттар арқылы өз өңірінің өміріне белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді. Барлық осы мүмкіндіктер жаңа Ата Заң жобасында ресми түрде бекітілген», – деді коалиция мүшесі Жорабек Нұрымбетов.
Жалпы коалиция мүшелерімен өткен әрбір басқосу барысында жаңа Конституцияның мәні мен қоғам үшін маңызы жан-жақты түсіндіріліп, халық көкейіндегі сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1181019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version