Жаңа Конституция жобасын түсіндіру және еңбек ұжымдарының пікірін тыңдау мақсатында «СКЗ-U» ЖШС күкіртқышқыл зауытының жұмысшыларымен мазмұнды кездесу өтті.
Жиынға аудандық коалиция мүшелері Баян Үсейінова мен Наурызбай Орынбасаров қатысып, ел дамуының жаңа кезеңі мен алдағы маңызды өзгерістерді кеңінен талқылады. Өндіріс ошағында өткен басқосуда зауыт қызметкерлері өз ойларын ашық айтып, ел болашағы мен өндірістік саланың өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Кездесу барысында штаб мүшелері сөз алып, зауыт ұжымымен еркін форматта сұхбат құрды.
Мұндай кездесулер – елдің ертеңін бірге жоспарлауға және әрбір азаматтың саналы таңдау жасауына бағытталған маңызды қадам. Өйткені қуатты мемлекеттің негізі – еңбекқор халық пен олардың ел тағдырына деген жауапкершілігінде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1181025?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау