Бүгін, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы Арыс қаласында орналасқан «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Арыс қалалық бөлімшесінде орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Тексеру барысында орын алған жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері зерделеніп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы қаралды. Сонымен қатар, жазатайым оқиғаға әкеп соқтырған факторлар анықталып, тиісті құжаттар мен өндірістік жағдайлар талданды.
Тексеру нәтижесінде еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы Серіктестіктің жұмыскерлерімен кездесу ұйымдастырып, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілдігі бойынша және жазатайым оқиғаның алдын-алуға қатысты заңнамалық талаптарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау