11 наурыз күні №15 балабақша базасында «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқауға қала балабақшаларының педагогтері қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстары мен ұлттық ойындарды ұйымдастырудағы шеберліктерін көрсетті. Байқау критерийлеріне сәйкес комиссия мүшелері жүлдегерлер мен номинацияларды анықтады.
Комиссия шешімі бойынша:
🔹 №11 «Ертөстік» бөбекжайының әдіскер-тәрбиешісі Маутқанова Жаңылтай Кеңесбекқызы
🔹 №7 «Ақбота» бөбекжайының педагогі Жотабаева Жұлдыз Мусаевна
облыстық кезеңге жолдама алды.
Қатысушыларға алғыс білдіріп, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! 👏
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1180149?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау