Семей–Ресей тасжолында әйел адам тізгіндеген Toyota маркалы автокөлік жолда сынып қалды. Көлік техникалық ақауға байланысты әрі қарай жүре алмай, жүргізуші жол жиегіне тоқтауға мәжбүр болған. Жолда жалғыз қалған жүргізуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрап жүгінген.
Жүргізушінің айтуынша, Ккөлігі күтпеген жерден істен шығып, жолда жалғыз қалған уақытта қатты алаңдаған.
«Жолда келе жатқанда көлігім аяқ астынан тоқтап қалды. Қайта-қайта оталдырмақ болғаныммен жүрмеді. Жолда жалғыз қалған соң біраз уайымдадым. Содан кейін полицияға хабарластым. Патрульдік полиция қызметкерлері тез арада келіп, жағдайымды түсініп, көмектесті. Көлігімді Семей қаласына дейін сүйреп апарып берді. Осындай көмектері үшін оларға үлкен алғысымды білдіремін», – деді жүргізуші.
Патрульдік полиция қызметкерлері жолда қалған азаматтарға көмек көрсету олардың күнделікті жұмысының бір бөлігі екенін атап өтті. Олар жүргізушілерге жолға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп алуды, ал жолда күтпеген жағдай туындаған кезде сабыр сақтап, полиция қызметкерлеріне немесе тиісті қызметтерге хабарласуды еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1180564?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау