Жыл басынан бері Абай облысы аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аталған жол-көлік оқиғаларының салдарынан 26 кәмелетке толмаған бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер өткелдерінде орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 9 кәмелетке толмаған жарақат алған.
Осыған байланысты Абай облысы Полиция департаменті қызметкерлері профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – жол қозғалысына қатысушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
«Кәмелетке толмағандардың жолдағы қауіпсіздігіне ата-аналар мен заңды өкілдердің назар аударуы маңызды. Балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өту керектігін үйрету қажет. Сонымен қатар жүргізушілер де жолда аса мұқият болуы тиіс», – деп атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1180592?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау