2026 жылғы 11 наурызда азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі Д.С. Оспанов әлеуметтік мәселелер бойынша, оныңішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды өткізді.
Қабылдауға Департамент басшысы А.Е. Мекебаева және медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы М. О. Сәрсенова қатысты.
Қабылдау барысында азаматтардың сұрақтары тыңдалып, қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1180334?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау